14 наурыз 2021 09:10

Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы", - деп жазды Президент Twitter-де.

"Көрісу күні тек батыста тойланбайды" - Этнограф Амал мерекесінің тарихын айтты

Еске салайық, былтыр Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Көрісу күнін (немесе Амал мейрамы) ресми мейра м етіп бекітуді ұсынған болатын.Оның сөзінше, жыл сайын 14 наурызда елдің батыс аймағы Көрісу күнін атап өтеді.

"Осындай жарқын күнде адамдар бір-бірімен амандасып жатады, кішкентайлар үлкендерге барып сәлем береді, бір-біріне денсаулық, татулық пен бақыт тілейді. Әр үйде күннің атысымен дастархан жайылып, ақсақалдар бата береді. Қаһарлы қыстан аман шыққан халық болашаққа жоспар құра бастайды", - дейді Еңсегенов.

"Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу". Амал мерекесі жайлы не білеміз

Депутаттың айтуынша, бұл күнді бұрын еліміздің бүкіл аймағы атап өтетін, бірақ түрлі жағдайларға байланысты 1930 жылдан бастап бұл дәстүр кей жерлерде ұмытылған. Сенатор қазір мерекені атап өтуге кәсіпорындар, шетелдегі отандастар мен еліміздегі барлық ұлттың өкілі атсалысатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети