Тоқаев Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Қазақстанда бірқатар вакцина, соның ішінде отандық QazVac препараты бар екенін атап өтті. Алайда, Президент сөзінше, жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, қол жетімді вакциналарды, оның ішінде халықаралық деңгейде мойындалған препараттарды көбейту қажет.

"Былтыр тиісті тапсырма бергенмін. Алайда компания Қазақстан үшін бөлген Pfizer вакциналарын жеткізбеді. Келісімдерге сәйкес Pfizer мамырда Қазақстанға 2 миллион доза жеткізуді жоспарлаған. Үкімет препарат жеткізілуіндегі қиындықтарды Pfizer ұсынған бірқатар талаппен байланыстырып отыр. Алайда вакцинаны сатып алатын барлық ел үшін талап бірдей.

Жақында жаңа ұсыныс айтылды, онда барлық әрекет алгоритмі жазылған. Президент тиісті жарлыққа қол қоюы керек дейді. Қажет болса, мен оны жасауға дайынмын. Президент Әкімшілігі мен Үкіметке осы қажетті препаратты нарыққа жеткізуде олқылыққа жол беріп отырған лауазымды тұлғаларға қатысты іс-шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети