Тоқаев “Қазпошта“ АҚ басшысын қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке компанияның былтыр атқарған қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайы, сондай-ақ дамудың перспективті бағыттары туралы есеп берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, соңғы екі жылда «Қазпошта» таза табыс тауып, бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық және баж алымдарын төледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісі бойынша алғаш рет ең үздік 50 пошта операторының қатарына кіргені жөнінде баяндалды. Тасымал үдерісін оңтайландыру есебінен пошталық жөнелтілімдердің көлемі 26 пайызға өсті. Атап айтқанда, 20 миллион, соның ішінде 9 миллион халықаралық сәлемдеме жеткізілген.

Мемлекет басшысына HomePost жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Аталған бастама аясында үй жанындағы дүкендер аумағында тапсырыстарды беруге арналған 180 пункт ашылды. Биыл олардың саны 1 мыңға жетеді. YTO Express компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде пошталық инфрақұрылымды жаңғыртуға 50 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылды.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Президентке қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілетін инновация жайында айтты. Осы орайда Japan Post, Toshiba және Cainiao компанияларымен көлік және логистика салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, халықаралық маркетплейстерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Keruen сервисі дамып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе әуежайында мультимодальды қойма салу жоспарланып отырғаны жөнінде айтылды. Аумағы 15 мың шаршы метр болатын бұл нысан Түркияның S-Sistem компаниясымен серіктестік негізінде бой көтереді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның қаржылық жағдайын жақсарту, еліміздің ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту және цифрлық шешімдер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer