19 сәуір 2021 14:34

Тоқаев Келімбетовпен ұлттық жобаларды әзірлеу тәсілдерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында 21 сәуір күні өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және "жаңадан" реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети