26 қаңтар 2021 15:43

Тоқаев коронавирус бойынша нақты статистиканы талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рейтингті жақсарту үшін коронавирус бойынша статистиканы жасырған өңірлер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рейтингті жақсарту үшін коронавирус бойынша статистиканы жасырған өңірлер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пандемия кезінде медициналық статистиканың сенімділігі туралы мәселе туындады. Рейтингте жақсы болуға ұмтылған аймақтар жазаланудан қорқып, нақты жағдайды жасырады, ақшаны оңды-солды шашты және барлық күш-жігерді жоққа шығарды. Біз науқастардың тағдыры тікелей байланысты болатын басқарушылық шешімдер қабылдау үшін халық денсаулығының шынайы көрсеткіштерін білуге міндеттіміз", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент аурудың таралу деңгейін аймақтар мен жас ерекшелігіне бөліп, шынайы статистиканы әзірлеу керегін атап өтті.

"Ол бір ай ішінде өткізіліп, жиі жаңартылып отыруы тиіс. Бұл әсіресе оқушыларды оқыту режимін анықтау және бизнес пен азаматтар үшін карантин шектеулерін енгізу кезінде өте маңызды. Бұрынғы әрекеттен сабақ алып, шаблон бойынша әрекет етуі керек", - деп түйіндеді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети