10 сәуір 2020 15:38

Тоқаев коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев дәрігерлердің коронавирус жұқтыруына жол беруге болмайтынын айтты.

"Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек. Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн", - деді Президент.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети