25 ақпан 2021 12:25

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктер туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алу деректері туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы мұндай заңбұзушылықтың жазасын қатаңдатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алу деректері туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы мұндай заңбұзушылықтың жазасын қатаңдатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салған елдер тобына жатады. Бұл норма Конституциямызда бар. Алайда кейінгі уақытта тіпті шенеуніктердің арасында қос азаматтық барын анықтап жатырмыз. Бұған түсінікті себеппен тыйым салу керек. Бұл өте ауқымды проблема, себебі ұлттық қауіпсіздігімізге қатысы бар. Мұндай деректердің алдын алу керек.

Былтыр Жолдауымда қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік сектордағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырғанмын. Үкімет пен Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктен атқарған жұмысын баяндауды сұраймын. Соған қарағанда, мұндай заңбұзушылық жауапкершілігін күшейту керек", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында. 

Бірнеше ай бұрын Желіде шымкенттік шенеуніктің қос азаматтығы бары туралы ақпарат пайда болған. Кейін мәліметті қала әкімдігі жоққа шығарған, алайда полиция өкілдері бұл мәліметті растаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети