Тоқаев қызметінен босатқан генерал даулы видеосы үшін кешірім сұрады

19 Шілде, 18:27
0
Тоқаев қызметінен босатқан генерал даулы видеосы үшін кешірім сұрады -

Әлеуметтік желілерде ішкі істер министрінің жұмыстан босатылған орынбасары Махамбет Абисатовтың мәлімдемесі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәлімдемені генералдың жазғанын ІІМ-нің баспасөз қызметі растады.

"YouTube-те таралып жатқан аудиороликтерге қатысты айтар болсам, бұл шын мәнінде болған, бірақ үлкен жиналыста емес, 2017 жылдың қарашасында кішігірім жиында үш-төрт адамға арналған жеке әңгімелерде айтылған менің сөздерім. Аудиожазбаны заңсыз жасағандар, оларды монтаждап, әлеуметтік желілерге орналастырғандар жария түрдегі жиынға ұқсатып жіберді. Әр адамның кемшілігі бар. Әркімді де осылай масқаралауға болады", - деді Абисатов.

Өз хатында министрдің бұрынғы орынбасары "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз жоқ екенін атап өтті.

"Мен командирлер мен бағыныштылардың артында жасырынып көрмегенмін. Сондықтан 1 маусымда отставкаға кету туралы рапорт бердім, рәсімдеу мәселелерінің шешілуін күтіп, болған жағдайларға түсініктеме бере алмадым. Мыңдаған полицей халықты зорлық-зомбылықтан және қылмыстан қорғай отырып, құқық тәртіпті қорғау қызметін тәулік бойы атқарады. Олардың барлығы дайын және күн сайын қарапайым адамдардың өмірі тыныш және қауіпсіз болуы үшін өз өмірін сарп етеді. Сондықтан мен адал қызмет етуім керек және өз әріптестеріме көлеңке түсірмеу үшін отставкаға кетуді өз борышым деп санаймын", - деп атап өтті Махамбет Абисатов.

Сондай-ақ, Абисатов өмір бойы алдыңғы қатарлы жұмыс істеп, өкінішке қарай, "36 жыл бойғы қызметінде криминалдық ортадан адамдарды қорғай жүріп, сол криминалдық ортаның тілін сіңіргенін" атап өтті.

"Басқа салада жұмыс істесем, бүгін кулуарда басқаша сөйлесер едім. Өзімді ақтамаймын, тек басқаларды осы қажетсіз кәсіби ерекшеліктерден сақтандырғым келеді. Күйіп кеткендіктен тыс жерде біреулердің көңіліне тиетін сөзге жол бердім. Себебі кейбір адамдар бұл сөздерімді жария етіп жіберді, әлсіздіктен емес, ар-ождан тұрғысынан көпшілік алдында және ашық түрде кешірім сұраймын", - деді Абисатов.

"(...) Аудиороликтегі әңгіме Ақтөбенің барлық қызметкері жайлы емес еді, халық ақшасы мен қазынаға жүрдім-бардым қарайтындар жайлы еді. Дегенмен Ақтөбе, Қарағанды қалаларының әрбір тұрғынынан кешірім сұраймын", - деді ол.

Ол сондай-ақ, аудиороликтердің Ақтөбеге ешқандай қатысы жоқ адамдардың құрастырғанын, сатқанын және әлеуметтік желілерде орналастырғанын атап өтті.

"Бұл адамдар белгілі. Бірінші аудиороликті олар ақтөбеліктердің ісі деген қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін арнайы құрастырылған болатын. Қолдарынан осылай жасау келді. Осылайша, әдетте, өз арам пиғылдарын жасыру үшін жасалады. Батырлар мұндайға бармайды. Ешкім ақтөбеліктер туралы жаман ойламауы үшін арнайы айтып отырмын. Барлық сұрақтарға адал және тікелей жауап бергім келеді, ар-ожданым таза, енді мен көпшілік алдындағы адам емеспін және БАҚ үшін бұл тақырып қызықты емес. Адам ретінде өз мәдени деңгейімді сақтап, өз елінің азаматы және патриоты болып қала отырып, елімнің игілігі үшін жұмыс істеймін", - деп қортындылады ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары.

Мұның алдында Махамбет Абисатовтың ІІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланған. Оның орнына Арыстанғани Заппаров тағайындалған.

Айта кетейік, Махамбет Қайыржанұлы Абисатов 1966 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. КСРО ІІМ-нің Қарағандыдағы жоғары мектебін бітіргеннен кейін әртүрлі жедел басшылық қызметтерді атқарған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай