Тоқаев қызметінен босатқан шенеунікті "тағайындау" жаңсақтықтан болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қызметінен босатқан шенеунікті "тағайындау" жаңсақтықтан болған Сайранбек Бармақов. Фото:primeminister.kz

Қазақстан Президенті қызметінен босатқан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасын басқа жұмысқа "тағайындау" жаңсақтықтан болғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті қызметінен босатқан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасын басқа жұмысқа "тағайындау" жаңсақтықтан болғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасын тағайындау туралы жаңалыққа қатысты айтсақ, жаңсақтық болды. Кешірім өтінеміз. Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындалған жоқ. Бұл орын бос", - деді ИИДМ баспасөз қызметіндегілер тілшімізге.

Еске салайық, Сайранбек Бармақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен айырылды. Бармақов "бақылауды әлсіреткені үшін" қызметінен босатылды. Оны Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 20 сәуірде хабарлады.

"Нәтиже жоқ деп айтуға болады" - Тоқаев жолдардың сапасы туралы

Ал 23 сәуірде қазақстандық БАҚ өкілдері Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлаған болатын. Басылымдар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-арнасындағы ресми хабарламаға сілтеме жасаған.

 

 

Айта кетейік, Сайранбек Бармақов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін 2019 жылдың ақпанынан бастап атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети