23 ақпан 2022 08:47

Тоқаев Лакшми Митталды қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лакшми Миттал. © akorda.kz Лакшми Миттал. © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы - бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізіп, қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы - бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізіп, қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқылады.

Президентке компанияның инвестициялық бағдарламасы және өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ Қазақстанмен алдағы уақыттағы серіктестік аясында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ құрал-жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қызметкерлерді оқытудың аса маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2024 жылға қарай қалдықтарды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайту, сондай-ақ осы стратегияны іске асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту үшін қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети