04 сәуір 2019 12:55

Тоқаев Мәскеуде Тасмағамбетов, Мәсімов және Сағынтаевпен түскен суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/TokayevKZ © twitter.com/TokayevKZ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін сурет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін сурет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен және өзі түскен суретін Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 


Осы суреттен СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов , ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов және Президент көмекшісі Тимур Сүлейменовті көруге болады. 

3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Ресейге сапар ол үшін Мемлекет басшысы лауазымында алғашқы шетелдік сапар болды. Қазақстан Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар, қазақстандық саясаттанушы Ерлан Карин Telegram-каналында Ресей тарапының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары туралы көзқарасын бейнелейтін бейне жариялады. Кремль Қазақстанның жаңа президентін ерекше құрметпен қарсы алды, деп санайды саясаттанушы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети