26 қаңтар 2017 | 10:34

Тоқаев Назарбаевтың үндеуіне байланысты Сенатта сөз сөйледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуіне қатысты сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуіне қатысты сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының билік тармақтарын өз еркімен үлестіруі - әлемдік қауымдастықтың саяси өмірінде сирек кездесетін жағдай. Конституцияға жоспарланған өзгерістерді енгізу арқылы еліміздегі демократиялық процестерді жетілдіре алатынымыз және жалпы, мемлекетіміздің дамуына әсер ететіні айқын болып тұр", - деді Сенат спикері.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесінің "Мықты Президент, беделді Парламент, есеп беруге міндетті үкімет" базасы негізінде жұмыс істейтінін айтып өтті.

"Мен Сенат депутаттарының көлемді жұмыс жасап, Қазақстан Президентінің үндеуін насихаттайды деп сенемін", - деді Сенат спикері.

Еске сала кетейік, кеше, 25 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Елбасы бұл арқылы мемлекеттік атқарушы органдардың және олардың жетекшілерінің жауапкершілігін арттыратынын, қажетті өкілеттік алатынын атап өткен еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети