Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде тәртіпсіздіктерде неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде тәртіпсіздіктерде неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бас десе құлақ деудің қажеті жоқ. "Бейбіт шерушілерге оқ атуға бұйрық берді" деп сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл кезде алаңда бейбіт шерушілер болған жоқ. Қарақшылық жасап, бүлік шығарып жатты. Бандиттердің ісінен асқан жауыздық байқалды", - деді Президент.
Сонымен қатар, алгоритм болмағанына келсек, ТЖ жағдайы енгізілгенде басты ұйымдастырушы - ішкі органдар. Ал терроризмге қарсы операция жарияланса, басты ұйымдастырушы ҰҚК болуы керек. Іс тапсырылмай, жиналыстар болып жатқанда бұлай өту қиын болды. Сосын мен "Мырзалар, соғыс болып жатса, сіздер кеңесіп отырсыздар. Мен сіздерге бүлікті басуға барлық жауапкершілікті тапсырамын, жоғары қолбасшы ретінде ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде бұйрық беремін" дедім", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.
Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді
5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.
6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.
11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!