25 мамыр 2021 08:48

Тоқаев несие тарихын сақтау мерзімін қысқартатын заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов/TENGRINEWS Тұрар Қазанғапов/TENGRINEWS

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заң коллекторлық агенттіктерге борышкермен кез келген байланыс процесінің бейне және аудио жазбаларын жасауды міндеттейді. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты немесе заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салынады.

Коллекторлық агенттіктер үшін олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар да көзделген.

Негізгі жаңалықтардың бірі - несие тарихын сақтау мерзімін 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту болып табылады.

Парламент бұл заңды 2021 жылдың сәуір айының соңында қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети