Тоқаев Nur Otan төрағасы бірінші орынбасарының қызметін ауыстыруды тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Nur Otan төрағасы бірінші орынбасарының қызметін ауыстыруды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының құрылымын қайта қарап, оңтайландыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының құрылымын қайта қарап, оңтайландыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Президент партия аппаратын қызмет көрсету үлгісіне қарай қайта құрылымдауға баса назар аудару керек екенін айтты.

"Ұйымдастыру құрылымын да қайта қарау қажет. Партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшының, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша басқа хатшылардың ұстанымын қарастыру қажет", - деді Тоқаев.

Ұсыныстар әзірленетін ашық әрі тиімді алаңға айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев оларды өзекті мәселелерді шешудің нақты тетігіне айналдыру керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Тоқаев Nur Otan жұмысын сынға алып, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құрылымдау қажет екенін айтты.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети