21 шілде 2022 12:21

Тоқаев Орталық Азиядағы шекараға қатысты дауларға пікір білдірді

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: 24.kg Көрнекі сурет: 24.kg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің шекарасын делимитациялау мәселесін шешуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің шекарасын делимитациялау мәселесін шешуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев мемлекет көшбасшылары өңірдегі тұрақсыздықтың әлі де сақталып отырған факторларын барынша жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек екенін айтты.

"Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір мылтық даусының жаңғырығы екі елге ғана емес, бүкіл өңірге жағымсыз әсер етеді. Керісінше, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттеріміз қайшылықтарды еңсеру ісінде өркениеттіліктің, жауаптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс", - деді ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде.

Қазақстан Президенті шекараны заңды түрде рәсімдеу процесі өте күрделі әрі қиын екенін айтты.

"Даулы мәселелер шынайы тату көршілік пен халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына құрмет көрсету арқылы тек қана бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Бұның басқа жолы жоқ. Бұл кешенді проблемаларды елемеудің немесе созбалаңға салудың салдары қиын болады, тіпті Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған барлық күш-жігерімізді жоққа шығаруы мүмкін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан посткеңестік кеңістікте өзінің шекарасын толық делимитация жасаған мемлекет ретінде, өзара тиімді шешімдер іздестіруге барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

"Нақтырақ айтқанда, шекараны делимитациялаудың өзара тиімді тәсілдерін әзірлеу үшін сарапшылар алаңын құруды ұсынамыз. Бұл жұмысқа тәжірибелі заңгерлер, картографтар, шекарашылар және басқа да мамандарды тарту керек. Осы істе үйлестіру міндетін Сыртқы істер министрлер кеңесіне жүктеуге болады", - деп қорытындылады ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети