27 қаңтар 2022 18:33

Тоқаев Орталық және Оңтүстік Азияның көлік-логистика консорциумын құруды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық көлік-логистика консорциумын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық көлік-логистика консорциумын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық Азия - Үндістан" саммитінде Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Орталық Азия мен Үндістан арасындағы транзиттік-көлік байланыстарын орнату басты бағыт болуы керек екенін айтты.

"Орталық Азияның экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде үлкен көліктік-логистикалық әлеуеті бар. Қазақстан арқылы 11 халықаралық транзит дәлізі өтеді. Оның ішінде "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" бағытында жүктердің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін 5 теміржол және 6 автокөлік бағыты бар.

Солтүстік-батыс бағытта Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі ортақ кедендік аумақты ескере отырып, Ресей нарығына, сондай-ақ Шығыс Еуропаның бірқатар еліне кедергісіз кіруге мүмкіндік бар. Қуаттылығы жылына 26 миллион тонна болатын Қазақстанның Ақтау Икуреф порттары арқылы өтетін Оңтүстік-Батыс бағытының келешегі зор. Олар Каспий теңізі арқылы Каспий өңіріндегі мемлекеттерге, Түркияға және одан әрі батысқа кең жол ашады", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан кейінгі 10 жылда ұлттық көлік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 30 миллиард доллар инвестиция салғанын айтты.

"Болашақта оны жаңғыртуға қомақты инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл - теңізге шыға алмайтын елдер үшін стратегиялық жағынан маңызды мәселе. Сенімді, тиімді және қауіпсіз транзиттік инфрақұрылым құру үшін Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланысы архитектураның негізгі элементіне айналуы тиіс екеніне сенімдімін. Ол үшін өңіраралық көлік-логистика консорциумын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл Үндістан, Каспий теңізі және Парсы шығанағы порттары бағытындағы көлік бағыттарын толық көлемде өзара тиімді жүктеуге қатысты ұлттық саясатты тиімді үйлестіруді қамтамасыз ете алар еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети