18 ақпан 2021 16:15

Тоқаев Өзбекстан сыртқы істер министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кездесу барысында министр Президентке Өзбекстан көшбасшысының Ташкент қаласында "Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан Президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети