26 сәуір 2022 16:07

Тоқаев партиялық реформалар туралы: Бәсеке күшейе түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық-саяси саладағы реформалардың оң әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық-саяси саладағы реформалардың оң әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде партиялық-саяси саланы жаңғырту басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, партиялық және сайлау заңнамасын либерализациялау биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін күшейтеді.

"Сайлаушылардың дауысы үшін бәсеке күшейе түседі. Саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгеретіні сөзсіз. Осыны ескере отырып, елде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан бар партиялар өз қызметін азаматтардың өзекті үрдістері мен талаптарына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды. Біз жалпы партиялық сала қозғалысқа келе жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші ретінде Adal партиясының Amanat партиясымен бірігуі туралы бастамасын айтуға болады", - деді Мемлекет басшысы Amanat партиясының съезі кезінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети