25 қазан 2019 11:21

Тоқаев пен Лукашенко келіссөз жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Беларусь делегациясының келуіне қуаныштымыз. Бізді дәстүрлі достық, ынтымақтастық байланыстырады. Біздің халықтарымыз жақындасып жатыр. Сондықтан құрметті президент Александр Григорьевич бастаған бұл сапар - біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселесін талқылауға және қажет болған жағдайда оларға қосымша серпін беруге жақсы мүмкіндік".

"Тек жабық тар форматта біз негізгі проблемалық мәселелерді алға қойдық, өйткені ең жақын мемлекеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасында талқылауды, нақтылауды және, ең бастысы, шешімдерді талап ететін мәселелер туындайды", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, келіссөз қорытындысы бойынша келісімге қол қойылады, сондай-ақ президенттер бірлескен мәлімдеме жасайды.

"Біз мемлекеттер арасындағы сауда көлемін арттыруға, гуманитарлық саладағы қарым-қатынастар мен өзара байланысты күшейтуге, халықаралық ұйымдарда белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз. Келісім мен бірлескен мәлімдеме, менің ойымша, біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты алға жылжытуда маңызды қадам болып табылады", - деп нақтылады Президент.


Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, 24 қазанда Александр Лукашенко Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген. Қасым-Жомарт Тоқаев белорус көшбасшысын әуежайда қарсы алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети