Қазақстан мен Ресей президенттері онлайн-форматта Көкшетауда өтетін екі елдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Форум аясында мемлекет басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.
Форум биыл "Экология және "жасыл экономикалық" өсім салаларындағы ынтымақтастық" тақырыбы аясында өтеді.
"Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!