Сенат ТөрағасыҚасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Қазақстандағы Елшісі Мачей Лангты оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады. Қ.Тоқаев Елшінің жемісті еңбегіне ризашылығын жеткізе отырып, оның кәсіби қызметінің табысты болуына тілектестігін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламен Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыздағы Польшаға мемлекеттік сапары біздің қатынастарымызды өзара түсіністіктің жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейіне көтеруге мүмкіндік берді", - деп атап өтті Қ.Тоқаев. Парламентаралық ынтымақтастыққа Польша Сенатының Төрағасы Станислав Карчевскийдің таяудағы Қазақстанға ресми сапары елеулі серпін берді.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, Еуропа Одағымен стратегиялық әріптестік тұрғысында да Польшамен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аса маңызды болып отыр. Осыған байланысты Польша Парламентімен қоса Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің заң шығару органдарымен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы келісімнің тезірек ратификациялануына сенім артылып отырғаны айтылды.