12 маусым 2019 10:58

Тоқаев Президент қызметіне кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мұхтар Холдарбеков © Мұхтар Холдарбеков

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Tengrinews.kz салтанатты шараны онлайн бақылады.


Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Tengrinews.kz салтанатты шараны онлайн бақылады.

Кейінірек Tengrinews.kz тілшісі ұлықтау рәсімінің толық видеосы мен Президенттің сөйлеген сөзін жариялайды.

11.40

Президентті ұлықтау рәсімі аяқталды.

11.32

Алаңда Қазақстанның Қарулы күштерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр.

11.30

Қасым-Жомарт Тоқаев залдан шықты. Президент енді Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға барады.

11.24

Қазақстанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады. Кеңестің алғашқы отырысы тамызда өтеді.

11.19

"Биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруымыз керек".

11.17 

Тоқаев қазақстандықтарға үнемі есеп беруге, тек уәде бермей, оны іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді. Сондай-ақ, Президент халықты не мазалайтынын айтты.

"Халықты толғандырып отырған басты мәселе - табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық - қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселені шешу, ортақ мерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет. Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі - көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет", - деді Мемлекет басшысы.

11.14

Дәл қазір Мемлекет басшысы қазақстандықтар алдында сөз сөйлеп жатыр.

"Қазақстан азаматының әрқайсының құқықтарын қорғауға, елімізді қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, бірлікке шақыруға ант беремін. Әрқашан және әр жерде қазақстандықтардың мүддесін қорғаймын", - деді Тоқаев.

11.09

Президентті ұлықтау рәсіміне орай Қазақ елі алаңында зеңбірек атылды.

11.07

Тоқаев ант берді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Президентке куәлік пен Мемлекет басшысының символдарын берді.

11.05 

Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

11.04 

Тәуелсіздік сарайына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев келді.

11.02

Салтанатты іс-шараға келгендер Мемлекет басшысын күтіп тұр.

10.53

Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде Қазақстан Президенті қызметіне кіріседі. Ант 31 сөзден тұрады.

10.47

Залға Мемлекеттік туды, Конституцияны және президент символдарын әкелді.

Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатыны айтылады. Залда Парламент депутаттарын, Конституциялық Кеңестің мүшелерін, Жоғары сот судьяларын, министрлерді, сондай-ақ, шетелден келген елшілерді көруге болады.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети