Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

"Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +20
Ақтау +24
Ақтөбе +18
Атырау +28
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +20
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +20
Т
Талдықорған +24
Тараз +26
Түркістан +21
О
Орал +18
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер