05 желтоқсан 2020 10:44

Тоқаев Путинге Kaspi.kz туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге Kaspi.kz Лондон қор биржасында қалайша ең қымбат қазақстандық компаниялардың біріне айналғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге Kaspi.kz Лондон қор биржасында қалайша ең қымбат қазақстандық компаниялардың біріне айналғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және деректерге талдау жасаудың өзекті мәселелеріне арналған "Artificial Intelligence Journey" атты онлайн конференцияда сөз сөйледі. 90 елден 28 мыңнан астам адам қатысқан бұл шара әлем бойынша биылғы ең ірі конференция болды.

Мемлекет басшысы бірнеше апта бұрын "Сбербанк" жетістіктерімен танысқанын айтты.

"Герман Оскарович Греф (Ресейдегі "Сбербанк" басшысы. - Ескерту.) Нұр-Сұлтанда клиентке бағдарланған, технологиялық тұрғыдан ілгері дамыған қаржылық және өзге де қызметтердің жеткізушісі болу үшін компания жүріп өткен жолды көрсетті. Біз бұлтты технологияларды қоса алғанда, түрлі бағыттар бойынша "Сбермен" тиімді ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз", - деді Тоқаев.

Кейін ол Владимир Путинге Kaspi.kz туралы айтып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriTV (@tengritv)

"Біздің өз пионеріміз бар - Kaspi қазақстандық технологиялық компаниясы соңғы жылдарда өз бизнесін дәстүрлі банктен IT-компанияға немесе FinTech-компанияға айналдырды. Бір айдан астам уақыт бұрын Kaspi Лондон қор биржасында IPO-ны сәтті өткізді. Бұл компанияның нарықтық капитализациясы 6,5 миллиард доллар. Осылайша, Kaspi Bank еліміздегі дәстүрлі шикізат бағытындағы компаниялар аясында орналастырудың барлық кезеңіндегі ең қымбат қазақстандық компаниялардың біріне айналды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети