Тоқаев Путинге көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Перьмдегі ЖОО-да болған қанды оқиғадан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Перьмдегі ЖОО-да болған қанды оқиғадан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент көрші ел басшысымен телефон арқылы әңгімесінде көңіл айтқан.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады. Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды. Қазақстан мен Ресей басшылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети