Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биыл мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

"Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілденің соңында Омбыда ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады", - делінген Ақорда хабарламасында.

Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

Еске салайық, мамырдың аяғында Ресей президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесулер қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды. Кездесулер нәтижесінде мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің мемлекеттік сапары табысты өткенін жеткізіп, екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының жылнамасына енетініне сенім білдірді. Президенттің сөзінше, қол қойылған құжаттар мен уағдаластықтар Қазақстан-Ресей серіктестігінің сипатына сай. Оның мәні – дәстүрлі достық пен тату көршілік қатынастарды барлық саладағы ортақ прогреске ұмтылыспен ұштастыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 479.98   545.53   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +17
Ақтау +21
Ақтөбе +14
Атырау +16
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +22
П
Павлодар +15
Петропавл +23
С
Семей +23
Т
Талдықорған +25
Тараз +25
Түркістан +16
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер