24 қазан 2023 11:49

Тоқаев Республика күні еліміздің басты мейрамы екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн.

Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда "Егемен болмай, ел болмас" деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети