23 қыркүйек 2023 09:49

Тоқаев Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz akorda.kz

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады.

"Бүгінде еліңіз - саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта сіздің басшылығыңызбен корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", - деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети