04 мамыр 2020 15:16

Тоқаев Сенат төрағасы болып тағайындалған Әшімбаевқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент отырыс барысында Парламент Сенатаның төрағасы болып тағайындалған Мәулен Әшімбаевқа қатысты пікір білдірді.

"Ол мемлекет ісінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді қызмет атқарды. Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол маңызды реформаларды жүзеге асыруда Парламент пен Сенаттың маңызы зор екенін айтып өтті.

"Бүкіл еліміздің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін ең алдымен билік тармақтары арасындағы үйлесім қажет. Маңызды реформаларды жүзеге асыруда Парламенттің, әсіресе, Сенаттың рөлі де, құзыреті де ерекше. Сенаттың ең басты міндеті – сапалы заңдарды қабылдау. Мұндай заңдар реформаларға жол ашады, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети