06 мамыр 2021 13:53

Тоқаев шенділерге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің айрықша назарында болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ордендер мен медальдар тапсыру рәсімінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің айрықша назарында болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ордендер мен медальдар тапсыру рәсімінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент өз сөзінде армия мен Күштік құрылымдар еліміздің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі саналатынын айтты. Жаһандық өзгерістер мен геостратегиялық тұрақсыздық жағдайында әлемде әскери қызметшілердің рөлі бірнеше есе арта түседі.

Бүгінде Қазақстанды өзге жұрттар өңірлік және халықаралық тұрақтылықтың ұйытқысы ретінде мойындайды. Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы аясында өздеріне жүктелген міндетті табысты атқаруда. Ал ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері «Жусан» арнайы операциясын мінсіз орындады. Полиция мен прокуратураның қызметі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді.

"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау жүйесін реформалау жұмыстары басталды. Оның тиімді жүзеге асырылуы халықтың билік институтына деген сенімін едәуір арттырып, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен әлеуметтік әділдікті нығайтуға септігін тигізеді. Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту үшін мемлекет әскери дайындық пен Қарулы Күштерді жабдықтауға баса мән береді.

Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өсіп, әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы біртіндеп жақсарып келеді. Әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің айрықша назарында болады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өз өмірін Отан қорғауға арнаған кәсіби мамандар аз емес екенін ерекше атап өтіп, бүгінгі марапат пен алғысты барша әскери қызметшілерге, Күштік құрылым қызметкерлеріне көрсетілген шынайы құрмет деп бағалады.

"Сіздердің отаншылдық рухтарыңыз, ең алдымен, жас ұрпақ үшін жақсы үлгі-өнеге. Олар сіздерге қарап бой түзейді. Сіздер ерен еңбек пен нағыз ерлікті паш етіп келесіздер. Жоғары мемлекеттік марапаттар Отан алдындағы қызметтеріңізге жаңа жігер береді деп сенемін", – деді Президент.

Мемлекет басшысы барлық әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне Отан алдындағы адал қызметі үшін алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети