12 сәуір 2021 14:05

Тоқаев шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор.

Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру - сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет", - деп жазды Президент Twitter-де.

Бүгін геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 

Қаныш Сәтбаев қазақ тіліндегі алғаш математика оқулығын қалай жазған?

Қаныш Сәтбаев Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Шын есімі - Ғабдулғани. Анасы Әлима үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш десе, Ғабдул-Ғаниын "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған екен. Сөйтіп, ғалым облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети