07 қазан 2020 14:44

Тоқаев "СҚ-Фармация" мен Медициналық сақтандыру қорына қатысты тергеу барысын сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "СҚ-Фармация" және Медициналық сақтандыру қоры бойынша қылмыстық істерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "СҚ-Фармация" және Медициналық сақтандыру қоры бойынша қылмыстық істерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінің мәтінінде Президент бірқатар тапсырманы орындауда шектен шығу болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, "СҚ-Фармация" мен Медициналық сақтандыру қорындағы қылмыстық тергеу денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру жұмысына кедергі келтірген.

"Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті денсаулық сақтау саласындағы интеграция платформасына қандай да бір өзгертулер енгізуге бағытталған барлық әрекетті тоқтатты", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық мүмкіндіктер интеграциялық процестерді тоқтатпай қылмыстық тергеу жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі жағдай, Президенттің айтуынша, "әрқайсы ведомстволық мүдделерді бірінші орынға қоятын" мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріндегі сәйкессіздікті көрсетіп отыр.

"Мүлде қолайсыз жағдай, әсіресе қазір. Мәліметтер жинау қолмен жүзеге асырылады, медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу жоқ, эпидемияның толық цифрлық көрінісі жоқ", - деді Президент.

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне бұл мәселені тезірек шешу тапсырылды.

Еске салайық, 14 тамызда "СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталған болатын. Ол 2020 жылы 21 сәуірде тегін медициналық көмектің көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша дистрибьюторлық компанияның басшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін ол "СҚ-Фармацияның" басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети