25 ақпан 2022 18:53

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz akorda.kz

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңа тағайындалған төраға Олжас Бектеновті таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар, Президент елден әкетілген активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети