16 қараша 2022 10:59

Тоқаев The Spirit of Tengri фестивалі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінде The Spirit of Tengri фестивалін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінде The Spirit of Tengri фестивалін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тағы бір өте маңызды сала бұл – мәдениет. Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың "тарихи орталығында" шоғырланған", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керек.

"Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді. Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс.

Сондықтан, озық халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, оны, әсіресе, мәдени туризм саласына енгізу қажет. Жалпы, халық тұрмысының түзелуі, мәдениет ошақтарының артуы және басқа факторлар қала тұрғындарының мәдени менталитетін қалыптастырады. Бұл – дамудың маңызды көрсеткіші", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети