Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды 06 ақпан 2023, 16:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram