15 наурыз 2024 16:37

Тоқаев ысырапшылдық бүкіл ел байлығын желге ұшыратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қасым-Жомарт Тоқаев миллиондаған қазақстандықтың ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев миллиондаған қазақстандықтың ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Келесі түйткіл – ысырапшылдық. Шын мәнінде, ырыстың бастауы – үнемшілдік. Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Ал бізде бұған мүлде кереғар жағдай қалыптасқан. Миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшырады. Мысалы, су мәселесі.

Бізде суды үнемдеуге байланысты қалыптасқан дәстүр жоқ. Оны ашық мойындауымыз керек. Ал су болашақтың байлығы екенін бүкіл әлем мойындайды. Бұл – Қазақстан үшін аса маңызды мәселе. Себебі елімізде су тапшылығы пайда болды", - деді Тоқаев Ұлтық құрылтайдың үшінші отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети