06 желтоқсан 2023 14:49

Тоқаевқа Ақтөбе облысындағы ауылдық спорт кешені көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды.

Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.

Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети