Тоқаевқа инфляция мәселелері туралы есеп берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевқа инфляция мәселелері туралы есеп берілді Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы 4 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ, әлемдегі инфляцияның өсуі мен басқа да инфляциялық мәселелер туралы есеп берілді.  

"Президентке осы жылдың сәуір айында Қазақстандағы жылдық инфляция мен оның сұранысты қалпына келтіруге қатысты азық-түлікке жатпайтын бөлігіндегі үдеу қарқыны жайында баяндалды.

Сонымен қатар Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы төлем балансына берілген алдын ала баға туралы және биылғы 4 айдағы алтын валюта қорының ұлғаюы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жөнінде айтты", - делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек кездесуде Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканы несиелендіру және депозиттер көлемінің өсімі жайлы мәлімет берілді, сондай-ақ, азаматтарды зейнетақы жинақтарының жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан қосымша шаралар сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +23
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер