20 мамыр 2022 17:26

Тоқаевқа қаржы пирамидасымен күрес нәтижесі туралы баяндалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және елден капиталды жылыстатуға қарсы күрес саласындағы жұмыстардың нәтижесі туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына берілген деректерге сәйкес жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталған және 67 миллиард теңгенің шығыны өтелген.

Президентке адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Жанат Элиманов құқық қорғау органдарына тән істерді жалпы қозғау тәжірибесі жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіркелетін қылмыстардың саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Тергеу амалдарының мерзімі - 3 есе, ақтау белгілері бойынша тоқтатылған істер саны үштен бірге қысқарған. Нәтижесінде, мыңдаған азамат пен кәсіпкерлер қылмыстық қудалау аясынан шығарылды. Сондай-ақ соттарға жүгінетін адамдардың саны да айтарлықтай азайған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын мүлтіксіз қорғау қажет екеніне мән беріп, Агенттік басшысына бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети