24 маусым 2022 16:39

Тоқаев шахматшы Малика Зиядинді құттықтады: Бұрын-соңды болмаған жетістік

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады.

"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін", - деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети