17 қазан 2021 11:55

Тоқаевтың арнайы өкілі Ауғанстанға барды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Reuters Сурет: Reuters

Қазақстан делегациясы Ауғанстанға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан делегациясы Ауғанстанға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация жұмыс сапарымен Кабулға келді. Сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жіберуді одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети