22 қараша 2023 09:33

Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы: активтерді елге қайтару және көлеңкелі экономика туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Экономика демонополизацияланады, ал мемлекет бизнеске қатысуын айтарлықтай азайтады. Адал бизнеске бюрократиялық қысым азаяды. Біздің барлық күш-жігеріміз кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатын болады. Заңсыз иемделінген және шығарылған активтерді елімізге қайтару бойынша жұмысты жандандырамыз. Олар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады", - делінген Мемлекет басшысының бағдарламасында.

2022-2023 жылдары $41,3 миллиард тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Өнеркәсіп салаларында орта және жоғары дәрежеде өңделген өнімдерді өндіруде пайдаланылатын базалық материалдар қажеттілігіне талдау жасалды.

Отандық өндірушілер мен өнеркәсіп-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған ҚР-ның "Өнеркәсіптік саясат туралы" заңына түзетулер әзірленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін қолжетімді бағада шикізатпен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып отырған Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді.

Экономиканы демонополизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданды:

  • ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері;
  • 7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны;
  • автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларының жалғасы ретінде "Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң қабылданды. Оның нормалары әкімшілік-билік ресурстарына иелік еткен немесе осындай қолдау алған олигополия субъектілеріне қатысты қолданылатын болады. Сондай-ақ адал инвесторлардың мүдделері толығымен қорғалатын болады.

Премьер-министрдің төрағалығымен Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына белсенді азаматтық позициясы бар қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері кірді.

Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 триллион теңге сома болатын активтер қайтарылды. Оның шамамен $600 миллионы басқа юрисдикциялардан қайтарылған. Мысалы, БАӘ-ден шамамен $15 миллион, Австриядан $82 миллион, Лихтенштейннен $260 миллион, Гонконгтан $2 миллион қайтарылды.

Қазыналық саясатты қайта қарауға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр. Жұмыс тобына сарапшылар, экономистер және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 1 мыңға жуық ұсыныс түсті.

Сонымен қатар "сән-салтанат" заттарына қосымша акциз енгізу мәселелері пысықталып жатыр. Мұндай мүмкіндікті қарастыру қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген.

Көлеңкелі экономиканың үлесін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 15 пайзына дейін төмендете отырып, ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жеткізу қажет. 2022 жылы елдегі мемлекеттен жасырылған экономикалық қызмет көрсеткіші ЖІӨ-нің шамамен 18,7 пайыз болды (жоспар бойынша – 19,9 пайыз). Президенттің Сайлауалды бағдарламасында қойылған мақсаттарды орындау үшін Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары өзектендірілді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Кәсіпкерлерді көлеңкелі сектордан шығару үшін қолайлы бизнес-орта құрылуда.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң қабылданды. Заң аясында борышкерлер үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздары бойынша келесідей шарттарда қолданылады: берешек 1 600 АЕК-тен аспаған жағдайда (2023 жылы 5 520 мың теңге); қарыз 12 ай бойы өтелмеген жағдайда; жеке мүлкі болмаған жағдайда; банкпен реттеу рәсімі жүргізілген жағдайда.

Сот арқылы банкроттық рәсімі кредиторлар алдындағы берешек 1 600 АЕК-тен асқан жағдайда және берешектің барлық түрі бойынша қолданылады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сот арқылы берешекті 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін алуды қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесе әзірленіп, сот арқылы бекітіледі. Бұл рәсім түрінің ерекшелігі одан кейін борышкерге "банкрот" мәртебесі берілмейді, сондықтан борышкерге оның салдары қолданылмайды (5 жылға дейін банктер мен МҚҰ-дан несие алуға тыйым; банкроттықты тек 7 жылдан кейін қайта қолдану; "банкроттықтан" кейінгі 3 жыл қаржылық жағдайы тексеріледі).

Бүгінгі таңда 11,3 миллиард теңгеден астам сомаға 7,1 мың азамат банкрот деп танылды.

Тариф белгілеудің барлық процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделген тарифтік реформа басталды. Табиғи монополиялар саласын реттеудің әрбір кезеңі "Монополист" базасында цифрландырылған. Кәсіпорындардың сатып алулары да электрондық форматқа ауыстырылды.

Қазақстандық тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалану жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып бақыланады. Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылған болса, олар үшін уақытша өтемақы тарифтері енгізіледі, ал табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети