Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов Қазақстанға алғашқы медаль әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов Қазақстанға алғашқы медаль әкелді Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы қола медаль әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы қола медаль әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдос Сметов нидерландылық Торнике Цакаджоені жеңді. Осылайша Сметов Токиода өткен ойындарда Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды. 

Фото: Жеңіс Ысқабай

Еске салайық, 60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездесіп, есе жіберіп алған болатын. 

Ал ширек финалда Сметов Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен жекпе-жекке шықты. Белдесу барысында спортшы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.56  course down  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети