24 шілде 2021 18:26

Олимпиада-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters. Фото: Reuters.

Дмитрий Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарында алғашқы жарысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дмитрий Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарында алғашқы жарысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин 59,75 нәтижесімен өз тобында алтыншы орын алды. Осылайша, спортшымыз жартылай финалға шыға алмады. 

Енді Баландин 27 шілдеде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеуге қатысады. 

26 жастағы Дмитрий Баландин 2016 жылғы Рио Олимпиадасында дәл осы 200 метр қашықтықта алтын медаль иеленген болатын. Сондай-ақ, ол 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. 50, 100 және 200 метр қашықтықта Қазақстанның рекордсмені, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (2016). Олимпиадада жүзуден алтын алған алғашқы қазақстандық. 

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов Қазақстанға алғашқы медаль әкелген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети