21 шілде 2021 17:37

Токио Паралимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының толық тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен Фото: ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін Токио-2020 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Қазақстандық паралимпиадашылар спорттың жеті түрінен ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін Токио-2020 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Қазақстандық паралимпиадашылар спорттың жеті түрінен ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Жарысқа алғаш рет 20-дан аса паралимпиадашы барады. Спортшылар жүзуден жеті лицензия, пауэрлифтингтен бес лицензия, тхэквондодан үш лицензия және жеңіл атлетикадан екі лицензия жеңіп алған.

"Екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы және паратхэквондодан Еуропаның екі дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев және Рио-2016 XV жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева Токио-2020 Паралимпиадасында құрама атынан ту көтереді", - деді ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Токио-2020 тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойыны.

Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы мынадай:

Суға жүзу:

  1. Нұрдәулет Жұмағали
  2. Нұрәлі Советханов
  3. Сиязбек Далиев
  4. Ержан Сәлімгереев
  5. Зульфия Ғабидулина
  6. Роман Агалаков
  7. Әлия Рахымбекова

Жеңіл атлетика:

  1. Дастан Мұқашбеков
  2. Салтанат Әбілқасымқызы

Дзюдо:

  1. Жанбота Аманжол
  2. Зарина Байбатина
  3. Теміржан Дәулет
  4. Даяна Федосова
  5. Әнуар Сариев
  6. Ғалымжан Смағұлұлы

Каноэ:

  1. Бейбарыс Спатай

Тхэквондо:

  1. Нұрлан Домбаев
  2. Нышан Өмірәлі
  3. Камила Досмолова

Пауэрлифтинг:

  1. Давид Дегтярев
  2. Раушан Қойшыбаева
  3. Рахмеджан Хамаев
  4. Гульбану Әбдіхалықова
  5. Алина Солодухина
  6. Айсұлу Жұмабаева

Оқ ату:

  1. Айсұлу Жұмабаева 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети