11 шілде 2016 12:51

Төлешов ел басқарғысы келген - ҚР ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК-да осы істің тергеуінің аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.


Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК-да осы істің тергеуінің аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

"Билікті басып алу бойынша жоспарын жүзеге асыру үшін Төлешов бастапқыда елдегі жағдайды тұрақсыз еткісі келген. Осы мақсатта ол Қырғызстанда 2005-2010 жылдар аралығында болған оқиғаларды зерттеген, қажетті материалдар мен куәліктерді жинастырған, тіпті Қырғызстанға барған. Билікке тек жаппай тәртіпсіздіктер мен халықтың наразылығын туғызу арқылы ғана келуге болатынын білген ол бұл әрекеттерді Қазақстанның батысында жасау керек деген ойға келеді. Төлешов батыс өңірінде наразы топтар бар деп есептеген, ойынша, бұл топтарды өз мүддесіне пайдалану қолайлы болған, ал наразылыққа себеп ретінде әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді қарастырған", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев.

"Айдап салу акциялары мен жаппай тәртіпсіздіктермен қатар ол қазіргі билікке ультиматум қойып, өзін вице-президент етіп сайлауды талап еткісі келген, ал кейін ел басқарғысы келген. Ал дайындық барысы өткен жылы басталған. Төлешовтің айналасындағылардың ішінде куәгерлер бар, олар осылай айтып отыр. Айтуларынша, 2015 жылы ол сенімді адамдарының біріне ірі сомада қаражат пен құжаттарды Атырау тұрғындарына жер мәселелері бойынша беріп жіберуді тапсырған, ал кейін олар өз кезегінде сәуірдегі наразылық акцияларының ұйымдастырушысы болды. Өз кезегінде бұл адамдар Атырау қаласында сәуір айында және Алматы қаласында мамыр айында заңсыз митингілерді ұйымдастырған", - деп хабарлады Қарасев.

Сонымен қатар, Төлешовтің көмекшілерінің бірінің 50 мың долларды өз еркімен тергеуге тапсырғаны айтылады, бұл қаражат осындай акцияларды ұйымдастыруға кететін шығындарға жұмсалуы тиіс болыпты.

"Төлешов тергеу изоляторы жағдайында бола отырып, өзімен байланысқа түсе алатын адамдар арқылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғысы келген. Бұл мақсатта ол бес мың адамды әрқайсысына 100-200 доллардан төлеп, жаппай тәртіпсіздіктерге шығару туралы бұйрық берген. Осыдан кейін Сарыағаш қаласының орталық алаңында палаткалардан құралған лагерь ұйымдастырып, бүлік жасағысы келген. Осымен қатар, Төлешов қазіргі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша құжаттардың бағдарламасын дайындаумен айналысқан. Бұл мәліметтер Төлешовтің көмекшілерінің компьютерлерінде және жеке жұмыс бөлмесінде табылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілдері.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді.

Кейіннен Төлешовтің ісі бойынша 25 адам күдікке ілініп отырғаны белгілі болды. Бұл іс бойынша қылмыстық іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады. "Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр", - деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында. Сонымен қатар, Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Ал 11 шілдеде ҰҚК өкілдері.

Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгені хабарлады. Сонымен қатар, ҰҚК өкілдері Төлешовтің мемлекеттік төңкеріс жасауға қалай дайындалғанын айтып берген еді. Ал ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты кезінде Тоқтар Төлешов ісі бойынша ұсталғандардың аты-жөні аталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети