13 ақпан 2023 10:37

Тонаушылардың кесірінен құтқарушылар Түркиядан кете бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/EmniyetGM Фото:twitter.com/EmniyetGM

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан құтқарушылар тонаушылардың кесірінен елден кете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Türkiye Gazetesi басылымына сілтеме жасап.


Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан құтқарушылар тонаушылардың кесірінен елден кете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Türkiye Gazetesi басылымына сілтеме жасап.

Түрік билігі тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірген жоқ, бірақ президент Режеп Тайып Ердоған үкімет тонаушылар мен басқа да қылмыскерлерді қатаң түрде жазалайтынын айтты.

Атап айтқанда, Израильдің United Hatzalah іздестіру-құтқару тобы осы топқа қатысты "қауіпсіздікке елеулі қатер" төнгендіктен, алты күннен кейін Түркиядан кетіп қалды, деп хабарлайды The Times of Israel.

United Hatzalah басшысы Эли Поллак пен операция жөніндегі вице-президенті Дов Майзель израильдік делегацияға нақты және тікелей қауіп туралы ақпарат алғандарын және қызметкерлердің қауіпсіздігін бірінші орынға қою керек екенін айтты.

"Біз өз командамызды Сирия шекарасына жақын Түркияның осы аймағына жіберген кезде белгілі бір тәуекел деңгейі бар екенін білдік, бірақ біз адам өмірін құтқару миссиясы үшін қауіпті азайтуға қажетті қадамдар жасадық", - деді Майзель.

Түркия Әділет министрлігі мәліметінше, табиғи апаттан кейін тонаушылар пайда болған. Адамдар дүкендерді тонап, қаза болғандарың бағалы заттарын алады. Сондай-ақ, көшелерде түрлі топтар арасында қақтығыстар басталып, жер сілкінісі болған аймақтарда оқ атылған.

Сонымен қатар, Австрия қарулы күштерінің өкілдері де Түркиядағы жер сілкінісі аймағынан қауіпсіздіктің жоқтығына және қарулы тонаушылар тобының және мерзімді атыстардың салдарынан әскерилер мен құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен кетіп жатқандарын мәлімдеді.

Екі неміс көмек ұйымы да зілзаладан зардап шеккен Түркияда қауіпсіздікке алаңдаушылық пен адамдар арасында қақтығыстар, атыс болғаны туралы хабарларды алға тартып, құтқару жұмыстарын тоқтатқан.

Неміс Халықаралық іздеу және құтқару ұйымы (ISAR) мен Германия Федерал техникалық көмек агенттігі (THW) түрік азаматтық қорғаныс агенттігі AFAD жағдайды қауіпсіз деп таныған бойда жұмысын қайта бастайтындарын айтты. ISAR операциялық менеджері Стивен Байер апаттан кейін күн өткен сайын қауіпсіздік жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети