Tengrinews.kz сайтында әр аптада ең көп талқыланған өзекті жаңалықтар туралы халықтың пікірін сұрап-білеміз. Жобаның мақсаты - елеулі жаңалықтарға деген халықтың көзқарасын білу.
Tengrinews.kz сайтында әр аптада ең көп талқыланған өзекті жаңалықтар туралы халықтың пікірін сұрап-білеміз. Жобаның мақсаты - елеулі жаңалықтарға деген халықтың көзқарасын білу.
Бағдарламаның осы аптадағы сұрақтары: Төреғали Төреәлінің Павлодарда өткен концертіндегі әрекетіне қандай баға бересіз? Жаңа жылдық мерекеде сыйлыққа қанша қаражат жұмсайсыз?
Айта кетейік, , бұған дейін әншіге қатысты даулы видеоның әлеуметтік желіде тарап жатқаны хабарланған болатын. Видеода әнші сахнада тұрып, залда отырған көрермендердің бірімен дөрекі сөйлескен. Кейін ол бұған қатысты пікірін айтып, бір сөзбен "өтірік" деген еді.
Кейін "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Төреғали Төреәліні Павлодарда өткен концертінде шығып кетуін өтінген қонақтың алдында кешірім сұрауға шақырған болатын. Бұдан соң Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте болған шудың қалай шыққанын айтты.