23 желтоқсан 2017 09:32

"Өтірік". Төреғали Төреәлі даулы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Желіде тарап жүрген даулы видеоға қатысты бір ауыз сөзбен түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Танымал әнші Төреғали Төреәлі Желіде тарап жүрген даулы видеоға қатысты бір ауыз сөзбен түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өтірік", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі 2 миллионнан аса адамы бар парақшасында.

Айта кетейік, тарап жатқан видеода әнші сахнада тұрып, залда отырған көрермендердің бірімен дөрекі әңгімелескен. "Қазір мына қыз суретке түсуге келіп тұр. Мен суретке түсейін бе, түспейін бе?" деп сұрайды әнші халықтан. "Түсетін болсам, ана отырған кісі залдан шығып кетсін" деп айтады. 

Оның сөздерін қолданушылар әрқалай бағалап отыр. Бірі халықты менсінбеді дегенді айтса, бірі бұл видеоның монтажға ұқсайтынын айтып қалды.  

Артынша осы концерттен, тек басқа ракурстан түсірілген тағы бір видео пайда болды. Видеода сахнада тұрған адамның Төреғали Төреәлі екені нақты көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети